429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 200 орындық инфекциялық аурухана салынады

  • 247
  • UPD: 15:56, 31.07.2020
Ақмола облысында 200 орындық инфекциялық аурухана салынады

Жаңа госпиталь Көкшетау қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы орталықтың маңында бой көтереді, хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін 4 гектардан астам жер телімі бөлінген. Құрылыс үш айдың ішінде аяқталады. «Бұл қауіпті індеттің келесі толқынына дайындық», - дейді мамандар. Өткен айда провизорлық және инфекциялық бөлімшелерге айналдырылған аудандық және қалалық ауруханалар қазір қайтадан қайтарылып жатыр. Себебі, вирус жұқтырғандар азая бастаған.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Мәселен, біздің Көкшетау қалалық көп салалы ауруханасы аймақтың негізгі провизорлық орталығы болды. Біз ондағы бір-екі бөлімшені провизорлық ретінде қалдырып, қалғандарын қайтадан қалыпты емдеу бөлімдеріне береміз. Бірақ бұл бөлімшелер өзара байланыспауын қатаң қадағалаймыз. Оның барлығы алдағы штабтың отырысында талқыланады.

Хабар 24 телеарнасы