431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жүзден астам отбасыға азық-түлік себеті таратылды

  • 247
  • UPD: 00:30, 01.08.2020
Қостанай облысында жүзден астам отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Құрбан айт мейрамына орай Қостанай облысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 100-ден астам жанұяға азық-түлік себеті таратылды.

Қайырымдылық шарадан іскер әйелдер де қалыс қалмады. Бүгін олар жалғызбасты аналардың отбасына ұн, май, қант, күріш жеткізді. Көмекке ие болғандар қатарында Рыспай ауылындағы Лютиковтер жанұясы да бар. Қазір Анастасия жалғыз өзі төрт баласын бағып отыр. Алдағы уақытта мамандығы жоқ көп балалы ананы жұмысқа орналастыру мәселесі шешіледі.

Несібелі Бәсенова, іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі:

- Ішінде ең керегі ұн, нан, сүт. Балаларға кішкене болса да тәттілер. Өйткені бұл балалардың шешесі жұмыс істемейді, әкесі көмек жасамайды. Осы үйді алып беруге бір кәсіпкер атсалысқан. Қалған жаңағы терезе салу, үйдің ішіндегі жөндеу жағына біз көмектесіп жатырмыз. Келесі аптада есік, жиһаз кіргізіледі. 

Анастасия Лютикова, Рыспай ауылының тұрғыны:

- Олардың көмегі мен үшін маңызды. Апта сайын жағдайымды біліп тұрады. Қандай да көмек қажет пе деп. Мереке күндері құттықтап, балаларға тәттілер жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы