426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда екі аурухананың дәрігерлеріне бір тонна қымыз таратылды

  • 286
  • UPD: 18:11, 31.07.2020
Алматыда екі аурухананың дәрігерлеріне бір тонна қымыз таратылды

Алматыдағы жұқпалы індеттен емдейтін екі аурухана дәрігерлеріне 1 тонна қымыз таратылды.

Құрбан айттың құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шараға бір топ белсенді азамат ұйытқы болған. Қымыз №12 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне табысталды.

 

Самат Жәрменов, №12 қалалық аурухана бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:

- Халықтың алғысына бөленіп жұмыс істегеннен артық басқа алғыстың керегі жоқ бізге. Халық үшін жаратылғаннан кейін бәріміз бірлесіп, осы пандемиямен аман-есен күресіп, жеңіп шықсақ деген мақсатымыз бар. Құдай қаласа, ол күнге де жетеміз.

Хабар 24 телеарнасы