424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында биыл 18 сүт-тауарлы ферма ашылады

  • 245
  • UPD: 14:32, 01.08.2020

Олардың әрқайсысы 100 бас сауын сиырға арналған нысандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

дан бөлек, тағы 4 ірі ферманың құжаттары әзірленіп жатыр. Оларда 1 мың бас сиырдан сауылады. Ал жобалардың барлығы жүзеге асса, жаңа кәсіпорындарда жылына 40 мың тонна сүт өндірмек.

Жақсы ауданында мал шаруашылығымен айналысып отырған Вадим Витт сүт-тауарлы ферма ашу үшін арнайы 47 бас шетелдік сауын сиыр сатып алыпты. Ал құрылысы бір айдан соң басталатын ферма 100 басқа арналған. Сондықтан мал басын осы межеге жеткізу көзделіп отыр дейді шаруа. Ал ферма өнімді тасымалдауға ыңғайлы болу үшін күре жолдың бойында орналаспақ.

Вадим Витт, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Фермада алғашқы кезде 1 мың литр сүт сауылады. Кейін оны біртіндеп 2 жарым мың литрге дейін жеткіземіз. Ал өнім Көкшетау қаласындағы сүт зауыттарына сатылады. Нысанның жанында 5 текше метрлік сүт сақтайтын танкер орналасады. Сондықтан жиналған өнім бүлінбейді.

Ал облыста 15 сүт зауыты бар. Олар жылына 120 мың тоннаға жуық дайын өнім шығарады. Бірақ бұл олардың толық қуаттылығы емес. Аталған кәсіпорындар қазір орта есеппен 60 процентке ғана жұмыс істеп тұр. Ал мамандардың басты мақсат-міндеті – бұл көрсеткішті барынша жоғарылату.

Қасым Итқұсов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Расымен де қазір сүт зауыттарының жүктемесін арттыру мәселесі өте өткір боп тұр. Шикізат тапшылығы әсіресе, күз бен қыста қатты сезіледі. Сондықтан мамандандырылған сүт-тауарлы фермаларды ашуға басымдық беріп отырмыз. Жоғарыда айтылған бас-аяғы 22 ферманы іске қоссақ, сүт зауыттары 90 процентке дейін жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Мамандандырылған сүт фермаларын ашудағы тағы бір мақсат – қарапайым халықтан жиналатын шикізаттың көлемі соңғы жылдары азайып бара жатыр дейді мамандар. Егер 2010 жылы зауыттарға жеткізілетін сүттің 80 проценті ауыл тұрғындарынан сатып алынса, қазір бұл көрсеткіш 70 проценттің маңайында. Өкініштісі, ол жыл санап төмендеп барады. Ал өңдеу кәсіпорындарына тұрақтылық қажет.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы