423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы Төлеби ауданының халқы электр жарығынан тапшылық көрмейтін болады

  • 250
Түркістан облысы Төлеби ауданының халқы электр жарығынан тапшылық көрмейтін болады Almaty.tv

Себебі аудан көлемінде ескірген электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыру және жаңа тұрғын үй алап-тарына электр желісін тарту жұмыстары қарқын алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Төлеби ауданындағы 21 елді мекенде әзірленген 6 жобаға республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта бұл ауылдарға 110 шақырым электр желісі тартылып, 48 жаңа трансформатор орнатылады. Жыл соңына дейін 3 492 абонент, яғни 25 мыңнан астам халық сапалы электр энергиясымен қамтылады.

Бауыржан Омарбеков, Төлеби ауданының әкімі:

– Жалпы аудан бойынша бізде 15000 шақырымның үстінде электр желілері болса, соның 316 тозығы жеткен. Бюджет есебінен 110 шақырымын біз жаңартып жатсақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі өз есебінен 40 шақырымға жуық желілерін жаңартады да, жалпы ауданда әлі де болса тозығы жеткен электр желілері бағаналары арқылы тұтынып отырған тұрғын үйлердің абоненттер саны 9,7% төмендейді. Қазір 20% көлемінде сапасыз электр қуатымен қамтылып отырған. 2021-2022 жылдары Төлеби ауданындағы барлық абоненттерін толыққанды бағана желісін ауыстыра отырып сапалы электр қуатына қол жеткізсек деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы