421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 1500 мұқтаж жанға ыстық тамақ таратылды

  • 224
  • UPD: 21:46, 01.08.2020

Игі істің санитарлық талапқа сай болуын медицина қызметкерлері қадағалап отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, мыңдаған адамға арналған тамақ осы іске қабілеті, тәжірибелі мамандары бар орында дауындалуы тиіс. Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай жасалып жатқан шаруа болған соң мейрамханалардың бірі көмек көрсетуге келісім беріпті.

Айгүл Сәрсенбаева, аспаз:

- Жұмыс ауыр емес. 4 аспазымыз бар, екі көмекшіміз бар. Менюді әкімдікпен бірлесе отырып жасадық.

Бірінші асқа сорпа, екіншісіне қою тағам, оған қоса салат жасалынған. Оның тұтынуға қауіпсіз екенін санитар дәрігерлер осы жерде тексеріп барып, қорытындысын береді.

Дамира Нұран, санитар дәрігер:

- Зерттеу нәтижесінде жасалынған тағамдар қолдануға сәйкес екені анықталды. Бұл жерде біздің қадағалап жатқанымыз, тамақ жасайтын адамдардың арнайы киімдері болуы керек. Волонтерлердің медициналық маскаларының болуын қадағалаудамыз.

Дайын ас тек осыдан кейін ғана тұтынға шығарылады. Бір жағы Құрбан айт әрі қазіргі жағдайды ескере отырып, ұйымдастырушылар медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тарту жасауды жөн санапты.

Жазира Асылбекқызы, дәрігер:

- Әрине көмек, жан-жақтан қолдау көрсетіліп жатыр. Бүгінгі осы Құрбан айтта көрсетіліп жатқан көмек қуантады. Рахмет, мереке барлықтарыңызға құтты болсын.

Аян Ерментаев, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Тек қана тағам таратып қоймастан, жағдайы төмен отбасыларды ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Ет таратуға 500-ге жуық волонтер мен автоволонтер атсалысып жатыр. Ыстық тамақты таратуға 200 волонтер жұмыс жасауда.

Демеушілер қолдауымен үш күнде 8100 адамға тамақ үлестіру жоспарланған. Ыстық ас бірінші кезекте Нұр-Сұлтандағы 12 стационардың қызметкерлеріне жеткізіледі. Бұл тізімде қарттар мен балалар үйі де бар.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы