426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үй маңындағы дүкендер 22:00-ге дейін жұмыс істейді

  • 324
  • UPD: 22:47, 01.08.2020
Елордада үй маңындағы дүкендер 22:00-ге дейін жұмыс істейді Zakon.kz

Елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері әлі де бар.

Сондықтан Нұр-Сұлтанда қатаң карантин шаралары тағы екі аптаға созылды. Бүгін шаһардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Оған сай, ұжымдық, отбасылық той-томалақ өткізуге рұқсат жоқ. 65 жастан асқан тұрғындарға көпшілік орындарда жүруге болмайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын ала кезекке тұру арқылы ғана баруға болады.

Базарлар таңғы 09:00-дан 15:00-ге дейін ғана жұмыс істесе, үй маңындағы дүкендер кешкі 22:00-ге дейін ашық болады. Ірі сауда үйлері, кинотеатрлар, спа-орталықтар, спорт кешендері және білім беру орындары әзірге ашылмайды. 

Хабар 24 телеарнасы