424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

  • 201
  • UPD: 10:48, 02.08.2020

Жазғы аптап ыстықта Жітіқара мен Қарабалық аудандарының  астық алқабы біршама зардап шекті.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар  егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5 маусымынан  елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгірмегенге ұқсайды.  Облыс бойынша небәрі  4  шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан.  Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін  олар  10 миллион тенгеге жуық сақтандыру ақысын  алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары  көп.

Дина Хамзина , ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

- Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден, бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден, сақтандыру жарнасының жартысын  мемлекет өтейді.  Егер 1 мың гектар егін алқабы  толық күйіп кетсе, 30 мың тенге нормативпен, ол 14 миллион 500 мың тенге сақтандыру төлемін алады.

Хабар 24 телеарнасы