420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жедел жәрдемге тәулігіне 700-ден астам қоңырау соғылады

  • 210
  • UPD: 13:32, 02.08.2020
Оралда жедел жәрдемге тәулігіне 700-ден астам қоңырау соғылады

Батыс Қазақстан облысында 39 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Соның 22-сі Орал қаласында. Тәулік сайын мұнда 700-ден астам қоңырау түседі. Олардың арасында қатерлі індетке шалдыққандары да аз емес. Қазір аймақта ақ халаттыларды қолдауға арналған акциялар жиі ұйымдастырылады. Игі істен өңір журналистері де шет қалмай, жедел жәрдем станциясына бірінші кезекте қажет болатын медициналық құрал-жабдықтар мен респираторлық бетперделер табыстады. Қайырымды іске атсалысқан волонтерлер дәрігерлер үшін түскі ас ұйымдастыруды қолға алған.

 Бақытжан Құралбайұлы, облыстық мешіттің наиб имамы:

- Обедке ыстық сорпа күнделікті қойды өзіміз сойып, бауырларымыз етін, қойын алып беріп жатыр, соны скорыйдың 3-4 подстанциясына күнделікті 60 порция сорпадан тасып жатырмыз. Кей кездері ужинға алып келеміз, кей кездерде осындай түскі астың кезінде алып келіп таратып жатырмыз. 

Елена Грищенко, облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары:

- Мұндай аспаптар біздің жасақтарға ауадай қажет. Өйткені тонометр, фендоскоп секілді медициналық құралдардың жиі істен шығатыны рас. Сондықтан жедел жәрдемде еңбек етіп жүрген барлық әріптестердің атынан осындай қиын сәтте көмек берген барша тұрғындарға алғыс айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы