418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 33 млн шаршы метрге жуық жер дезинфекцияланды

  • 105
  • UPD: 15:38, 02.08.2020
Астанада 33 млн шаршы метрге жуық жер дезинфекцияланды

Елордада 33 млн шаршы метрге жуық аумақ дезинфекцияланды. Залалсындандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Саябақтар, бульварлар, жағажайлар арнайы сұйықтықпен өңделуде. Сонымен қатар адамдар көп шоғырланатын орындарда әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері қойылды. Тиісті жұмыстарға әскерилер, яғни қорғаныс министрлігінің қызметкерлері атсалысуда.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері және базар аумақтарына арнайы сұйықтық шашып, санитарлық өңдеуді өз басшылықтары ұйымдастыруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы