429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық тұрғындар медициналық мекемелерге ыстық тағам таратты

  • 206
  • UPD: 18:21, 02.08.2020
Елордалық тұрғындар медициналық мекемелерге ыстық тағам таратты

Екі күн бұрын елордада басталған Құрбан айттағы қайырымдылық шарасын қаланың өзге тұрғындары да жалғастыруға ниет танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенді азаматтар бас қосып медициналық мекемелерге ыстық тағам тарту етті. Бір мезетте бірнеше қазанға палау басылды. Ұйымдастырушылар мереке болған соң құрбандық малының етін пайдаланды. Дайын ас ауқаттануға ыңғайлы болуы үшін арнайы ыдыстарға салынды. Оны аурухана қызметкерлеріне жеткізіп беру ісін белсенді топ өз жауапкершіліктеріне алды.

Нариман Үтеубаев, белсенді топтың өкілі:

- Біз бірінші қалалық, екінші қалалық және екінші облыстық аурханаларымызға 450 табақ палау жеткіземіз. Дәрігерлерімізге алғыс айтамыз және бүкіл қазақ елін Құрбан айтпен құттықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы