431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазығұртта банан ағашы жеміс берді

  • 340
  • UPD: 20:56, 02.08.2020

Түркістан облысындағы Тұрбат ауылында банан бағы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғын қызық көріп, өсіре бастаған экзотикалық ағаштар өнім бере бастаған. Ауыл шаруашылығы мамандары түркістандық бананның шет елден әкелінген жемістен еш айырмашылығы жоқ дейді.

 Қазақ даласында тропикалық ағаштардың өсуін ғажайыпқа теңерсіз. Олай емес. 9 жыл бұрын Халима Сейткерімова бірнеше түп банан көшетін отырғызады. Қызық көріп еккен сол экзотикалық өсімдіктер бүгінде жайқалып өсіп тұр.

Халима Сейткерімова, Қазығұрт ауданының тұрғыны

– Бананның пісу жолын кішкене қызығушылық оянғаннан кейін зерттеп, өсіру технологияларын іздестіріп көрдім. Болады екен. Биыл банан жемісін жедік десек те болады.

Банан жинау мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан біз оның жемістерін көрсете алмаймыз. Халима Сейткерімованың бақшасында 40 түп банан ағашы бар. Биыл біреуі ғана жеміс беріпті. Аграрлық сала мамандарының айтуынша табиғи орта сәйкес келмейді.

Мейірлан Садыр, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

– Суық болып кеткен кезде пісіп жатқан жеміс қурап кетуі мүмкін. Сол үшін баптап, оны қарау керек. Интернеттен қараймыз қалай жасау керектігін. Бұл қызанақ, қиярға қарағанда әлсіз болады. Сол үшін жақсылап қарау керек.

Тропикалық жеміс ағаштары Халима Сейткерімованың хоббиі деуге болады. Оның негізгі кәсібі – жылыжай шаруашылығы. Жыл сайын 20 сотық жерден қызанақ пен қиярдан 30 тонна өнім алады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбішов

Хабар 24 телеарнасы