423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жыл басынан бері 2000 адам тегін дәрі-дәрмек алды

  • 210
  • UPD: 08:34, 03.08.2020
СҚО-да жыл басынан бері 2000 адам тегін дәрі-дәрмек алды

Солтүстік Қазақстан өңірінде жыл басынан бері екі мың адам тегін дәрі-дәрмек алды, хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы құны 4 млн теңгелік препараттар жедел респираторлық вирустық инфекция мен пневмониядан сауығуға көмектеседі. Олар стационарда және үйде емделіп жатқан науқастарға таратылып берілген. Медициналық сақтандыру қоры осы аймаққа дәрі-дәрмек жеткізуші 23 компаниямен келісімшартта отыр. Оның аясында халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге 340 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Бұдан бөлек, қазіргі жағдайда қызметі үшін ақ халаттыларға 983 млн теңге үстемақы төлеп, ПТР-тестілеуге 173 млн бөлді. Жалпы қор бюджетінен індетпен күреске 1,5 миллиардтай қаржы жұмсалып жатыр. Дәрігер нұсқауымен босатылатын дәрілер тізіміне тағы 5 препарат қосылуы тиіс.

Рашида Иванова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директорының орынбасары:

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты балалар мен ересек адамдарды амбулаториялық жағдайда емдеу қажет препараттарды алуға жұмсалады. Пневмония болса, қызу түсіретін препараттар алынады. Ал кәмелекетке толмағандар ибупрофен, парацетамол тағы басқа антибактериалды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы