429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық көліктер қайта қатынай бастады

  • 184
  • UPD: 09:25, 03.08.2020
Елордада қоғамдық көліктер қайта қатынай бастады

Бүгіннен бастап елордада автобустан қайта жүре бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жүру кестесі таңғы 06:00-ден кешкі 21:00-ге дейін деп белгіленді.

Автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынады. Белгіленген тәртіпті транспорттық бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті қадағалап отырады. Жолаушылар автобустың тек алдыңғы есігі арқылы кіріп-шығады. Жол жүру ақысы банктік аударым арқылы жасалады. Бұл қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерге қатысты талаптар. Ал, қала маңы бағытындағы автобустар әзірге жүрмейді.

Хабар 24 телеарнасы