426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда биыл «Жастар практикасын» ұйымдастыруға 196 млн теңге бөлінді

  • 216
  • UPD: 09:37, 03.08.2020
Оралда биыл «Жастар практикасын» ұйымдастыруға 196 млн теңге бөлінді

Оралда биыл «Жастар практикасын» ұйымдастыруға 196 миллион теңге бөлініп отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Аталған қаржы есебінен 485 жас маман уақытша жұмыспен қамтылмақ.

«Кейін олар тұрақты жұмысқа орналасуы да мүмкін», - дейді мамандар. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 6 мыңнан аса адам хабарласқан. Солардың тең жартысы екі қолға бір күрек тауыпты. Жастар практикасы бойынша 89 адам жұмысқа жолданған.

Айнұр Қазмұханова, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Түлектерді халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуға шақырамыз. Себебі бүгінгі күні «Жастар тәжірибесінен» өтуге қала аумағындағы көп мекемелерден өтінімдер жинаған болатынбыз. 26 мекемеден 1900-дей жұмыс орындарына өтінімдер бар. Халықты жұмыспен қамту орталығына онлайн түрде өтініш беріп, жолдама алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы