426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты

  • 229
  • UPD: 11:35, 03.08.2020
Мемлекет басшысы Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты Ақорда

Мемлекет басшысы қоғам қайраткер Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қоғам қайраткері, эколог, экономика ғылымдарының докторы Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның жұбайы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбековке және отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Салтанат Темірқұлқызы әр жылдары қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдіру, сондай-ақ, «Жасыл» экономиканы дамыту бағытында көп іс атқарды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының тең төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып, еліміздегі саяси-қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, профессор Салтанат Рахымбекова 55 жасында қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы