429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алексей Цой өзінің орынбасары Олжас Әбішевке қатысты деректермен бөлісті

  • 144
  • UPD: 13:57, 03.08.2020
Алексей Цой өзінің орынбасары Олжас Әбішевке қатысты деректермен бөлісті

Бүгін болған брифинг кезінде Алексей Цой өзінің орынбасары Олжас Әбішевке қатысты деректермен бөлісті, хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, вице-министр өткен аптада өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған екен. Ал кеше оның бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгені мәлім болды. Алексей Цой қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Егер оның кінәсі шын мәнінде дәлелденсе, онда Олжас Әбішев қазіргі лауазымынан босайды», деді. Әзірге күдіктінің қанша қаражатты қалтасына басқаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы