426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы М2 көпірі толықтай жабылды

  • 216
  • UPD: 14:58, 03.08.2020
Елордадағы М2 көпірі толықтай жабылды

Елордада орташа жөндеу аясында М2 көпірде Мәңгілік Ел даңғылынан Амман көшесіне дейін жол құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында қозғалысты толығымен жабу жоспарланған, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.

Хабар 24 телеарнасы