424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында әлеуметтік жобаларға 7 млрд теңге бөлінді

  • 169
  • UPD: 14:56, 03.08.2020
Атырау облысында әлеуметтік жобаларға 7 млрд теңге бөлінді

Атырау облысында пандемиядан кейінгі ахуалды қалпына келтіру мақсатында кешенді жобалар қолға алына бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Шағын және орта бизнестің жұмысына қойылған шектеулер мен кәсіпорындардың толыққанды жұмыс атқара алмауы, әсіресе, алыс аудандарда жұмыссыздықтың көбеюіне ықпал еткені анық. Осыған орай Индер ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2021» бағдарламасы шеңберінде 10 әлеуметтік жоба қолға алынды. Оған республикалық бюджеттен 7 миллиард теңге қаралып отыр. Бұл қаражат тас жол құрылысына, табиғи газ құбырын жаңартуға және кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалмақ. Жоба бойынша ауданнан 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп көзделген. Қазір 1400 азамат жұмысқа орналасты. Сондай-ақ биыл жеке кәсіпкерлікті дамытуға да кең қолдау болады.

Жеңіс Иғалиев, Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- 20 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алды. 27 адам шағын несиелерін алды. Сонымен қатар «Бизнес бастау» жобасы бойынша 96 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Күні бүгінге 577 адам осы 10 жобаға жұмысқа тартылған. Жыл аяғына дейін тағы 877 адамды толығымен осы бағдарламаның аясында жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы