426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген футбол алаңы жабылды

  • 225
  • UPD: 15:34, 03.08.2020
Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген футбол алаңы жабылды

Алматыда полиция қызметкерлері кезекті түнгі тексеріс кезінде адам көп жиналған орынды анықтады, хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы Ақын Сара көшесінің бойында орналасқан футбол стадионында 20-ға жуық жас футбол ойнаған. Ал, осы стадионның жаздық демалыс алаңында 50-ге жуық адам көгілдір экраннан футбол тамашалаған.

«Әрине, дене тәрбиесі денсаулық кепілі екені рас. Алайда, тәртіп баршаға ортақ», - дейді полиция қызметкерлері. Қазіргі таңда Түрксіб аудандық полиция басқармасы осы мәселеге байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Алматы полициясы футбол матчын жаппай қарауды тоқтатты. Полиция «Футбол Лэнд» футбол алаңына түн ортасында рейд жүргізді. Мұнда өмір қызу жүріп жатты. Карантинге байланысты шектеулі шараларға қарамастан, көрсетілген мекеме басшысының жауапсыздығының шығу көптеген адамдардың бір жерге жиналуына жағдай туғызды. Сонымен қатар келушілерде бетперде болмаған. Әрине, әлеуметтік қашықтықты ешкім сақтамаған. Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды.

Хабар 24 телеарнасы