424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қазақстанда 22 ірі сүт-тауарлары фермасы өз жұмысын бастайды – АШМ

  • 123
  • UPD: 15:40, 03.08.2020
Биыл Қазақстанда 22 ірі сүт-тауарлары фермасы өз жұмысын бастайды – АШМ

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 6 ірі сүт фермасы іске қосылды.

Жыл соңына дейін тағы 16 сүт-тауарлары фермасы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына сүт өнімдерінен импортты алмастыру бойынша үлкен міндет қойылған. Осы жоспардың аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 25 өнеркәсіптік сүт фермасын пайдалануға беруге байланысты белсенді жұмыс жүргізуде.

Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша 3810 бас ІҚМ-ға арналған 6 сүт фермасы іске қосылды. Олардың бесеуі Алматы облысында орналасқан: «Аксут LLC» ЖШС СТФ және «Фирма Апрель», «Алматы» Племзавод»,«Қарабасова» және «Садыхан» ШҚ.

Сонымен қатар Түркістан облысында сүт тауарлары фермасын кеңейту жобасы аясында 1600 басқа арналған «Қазына жер» ЖШС ашылды.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі СТФ құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдеткенін атап өткен жөн.

Ірі қара мал саны 1500-ге дейін (қоса алғанда) сүт өндіруге арналған мал шаруашылығы кешендерін II (қалыпты) жауапкершілік деңгейіне жататын ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және технологиялық тұрғыдан күрделі нысандарға жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына түзетулер енгізілді.

Бұл мемлекеттік монополияға қатысты кешенді ведомстволық емес сараптамадан өту міндеттемесін жоққа шығарады. Осылайша, жобаның тапсырыс берушілеріне (фермерлеріне) кез келген аккредиттелген сараптамалық ұйымды ТЭН немесе жобалық-сметалық сараптама жүргізу үшін таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл процестерді жеделдетуге және құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұған дейін фермерлер кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен кезде мал шаруашылығы жобаларын іске асырудың құны мен қымбаттауы туралы бірнеше рет шағымданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы