429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мыңнан астам адам қаржы пирамидасының құрығына түсті

  • 217
  • UPD: 16:16, 03.08.2020
Мыңнан астам адам қаржы пирамидасының құрығына түсті

Мыңнан астам адам елорда тұрғыны ұйымдастырған қаржы пирамидасының құрығына түсті, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Астана Раушан касса айналымы» атты қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті.

«Аталмыш пирамиданы 2020 жылдың қаңтар айында елорда тұрғыны құрған, ал ол алаяқтықпен жеке тұлғалардың қаражатын иемденіп отырған. Құрылу уақытынан бастап қаржы пирамидасының құрығына мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы түсті», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-б. 4-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету).

Аталған қаржы пирамидасының заңсыз әрекетінен жапа шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгінуін сұраймыз (Желтоқсан көш., 43, тел. 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316).

Хабар 24 телеарнасы