426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталды

  • 319
  • UPD: 15:55, 03.08.2020
Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталды

Ағымдағы жылдың 6 айында Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталды, хабарлайды «Хабар 24».

Құны 16,5 миллион АҚШ доллары болатын күріш, балық, бидай, қамыс және ұнның 99,6%-і өңделген күйде шетелге сатылған. Арал мен Қазалы аудандарының еңбеккерлері алғаш рет Германияға қамыс, Өзбекстанға ұн жөнелтті. Теңіз маржанын сүзген жұрт жарты жылда 3 мың тоннаға жуық балық аулап, 2700 тоннадайын экспорттап үлгерді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 21%-ке көп. Жалпы бүгінде Аралдан 18 түрлі балық аулап, терең өңдейтін 9 зауыт жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна шамасында. Сырбойылық 4 өндіріс ошағының еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын сертификаты бар. Аймақта Арал теңізінен бөлек, 207 көлден балық ауланады. Осы ретте облыста тауарлы балық шаруашылықтарының санын арттыру жоспарланып отыр.

Бауыржан Шәменов, облыстық табиғи ресрустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Аралдың балық өнімдері Ресей, Қытай, Германия, Польша, Нидерланд, Грузия, Литва елдеріне нарыққа шығарылуда. Облыс бойынша 10 көл тауарлы балық өсіретін шаруашылықтар жұмыс жасауда. Өткен жылы осы шаруашылықтармен 143 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды. Аймақтың балық өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай біз тауарлы балық өнімдерінің көлемін 2200 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Одан бөлек, 6 айлықпен алдын ала есепке алып отырмыз. 1 шілдеде тағы қосымша облыстан көкөніс, бақша өнімдері, қарбыз дақылы, мақсары майы өнімдері шығарылды. Алдын ала есебін алып отырмыз бұны да қорытындысымен шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы