425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2,1 млн қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

  • 223
  • UPD: 16:07, 03.08.2020
2,1 млн қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

3 тамыз сағат 15:00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды.

Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Айта кетсек, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы