426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр

  • 405
  • UPD: 16:22, 03.08.2020
АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр

Алматы көшелерінде Америкада өмір сүретін жануар жүр.

Бұл ерекше жағдай әлеуметтік желіде жарияланды. Оны жүргізушілердің бірі көрген, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Көлік айдап келе жатқан адамның алдынан тұра қашқан жануар шидің арасына кіріп жоқ боп кеткен.

«Сирек кездесетін жануарды қала тұрғыны тапқан. Жануар көліктің алдынан кес-кестеп шыққан. Жүргізуші тез арада көлікті тоқтатып, видеоға түсіріп үлгерген», - делінген Instagram парақшасындағы жазбада.

ҚР Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр.

«Кіреукей (броненосец) Оңтүстік және Солтүстік Америкада өмір сүретін сүт қоректілер қатарына жатады. Бұл жануар Қазақстанда өмір сүрмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты қазір тексеру жүріп жатыр», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы