465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ливияға қайта алмаған саяхатшыға Қазақстанда тұру ұнап қалды

  • 589
  • UPD: 19:41, 03.08.2020
Ливияға қайта алмаған саяхатшыға Қазақстанда тұру ұнап қалды

Әлемге жайылған пандемия  кесірінен жиһанкездер де қамалып отыр. Мәселен, еліміздің шығысына ливиялық азаматтың келгеніне жарты жылға жуықтады.

Ол Қазақстанға келгенге дейін 140-қа жуық мемлекетте болған. Қазір ол шығыстағы табиғаты ең тамаша жерлердің бірі Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жатыр. Карантин кезінде сол маңның табиғатын тамашалап, жартасқа өрмелеп, көрген-түйгенін фото-видеоға түсіруде. Осылайша пандемия кезінде шекара ашылғанын күтіп, тау-тасты кезіп жүргенде шетелдік жиһанкез төлқұжатын жоғалтып алған. Дегенмен, жергілікті белсенді Людмила Евженкованың көмегі арқасында ливиялық Нури Фунастың құжаты табылды. Қазір ол шетелдікке аудармашы әрі гид қызметін атқарып жүр. Жиһанкез енді шекара ашылғанға дейін шығыстағы басқа да табиғаты тамаша жерлерді аралауды жоспарлап отыр.

Людмила Евженкова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Ливиялық бұл азамат  бұған дейін талай елде болғанын айтады. Бірақ Қазақстандай ерекше ел көрмегенін айтып таңдай қағып, таңданып отыр. Әсіресе  жоғалған құжатын тауып бергенімізге әрбір сөзінде алғыс білідреді.  Тіпті  біздің елде қалып жұмыс істесем деген ойы да бар.

Нури фунас, Жиһанкез /Ливия/:

- Мен  төлқұжатымның табылғанына таңқалдым. Жоғалтып алған соң осы жақтан іздемеген жерім жоқ. Тіпті интернет арқылы жаһанға жар салдым. Талай адам бірге іздеп, тіпті көлікпен де көмектесті. Енді қазақ елі ешкімді ешқашан қиын жағдайда қалдырмайтынына көзім жетті. Және оны үнемі айтып жүремін.

Хабар 24 телеарнасы