425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин күшейтілді

  • 367
  • UPD: 19:44, 03.08.2020
Алматы облысында карантин күшейтілді

Алматы облысында карантиндік шаралар екі аптаға күшейтілді. Бұған дейін енгізілген шектеулерден бөлек бұл жолы ашық алаңдардағы қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлікке жатпайтын дүкендердің  жұмысы  тоқтаған. 

Олар онлайн тапсырыс арқылы қызмет көрсетуге көшті. Карантиндік шектеулерге байланысты туристік нысандар да жабылды. Алакөл,  Қапшағай және Балқаш жағалауындағы қонақүйлер локдаун енгізілмей тұрып алдын ала жасалған бронь бойынша жұмыс істейді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер қойылып, сапаржайлар жабылды. Аймақта аурудың таралу  деңгейі 1,4 процентке төмендеген. Өткен аптада бұл көрсеткіш үш есе жоғары  болған еді. Бүгінгі таңда коронавирус пен  пневмонияға шалдығудың 4405 оқиғасы тіркелген. Үш мыңнан астам адам  аурудан жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы