429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жөндеу жүргізілген көпір қолданысқа берілді

  • 252
  • UPD: 22:44, 03.08.2020

Оралда күрделі жөндеуден өткен көпір қолданысқа берілді. Бұл нысан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Би.Ви» компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламалар үшін бөлетін қаржысы есебінен жөнделген болатын. Мердігерлер 3 жылға есептелген құрылысты 1 жарым жылда бітіріп, халықтың игілігіне берді. 

«Омега» зауыты ауданындағы бұл көпір өткен ғасырдың 70-жылдары салынған еді. Қала орталығын саяжайлармен байланыстыратын маңызды нысан кейін «апатты жағдайда» деп танылды. КПО компаниясы жөндеу жұмыстарына 5 миллиард теңге қаржы бөлді. 

Ғали Есқалиев, Батыс қазақстан облысының әкімі:

– Көпірді толықтай қайта салып шықты деуге болады. Өйткені бұл жерге 140 діңгек қағылып, 24 және 33 метрлік арқалықтар қойылды. Яғни бұл жерде жаңа технология тәсілдері молынан қолданылды. Мердігер кәсіпорын 3 жылға дейін кепілдік беріп отыр. Бірақ құрылысшылар көпірдің  кемі 100 жыл қызмет ететіне сендіріп отыр.  

Ұзындығы 1 шақырым болатын жаңа көпірдің ені 5 метрге дейін ұлғайды. 4 жолақты жол бойында жарық шамдары толықтай жаңартылды.   Отандық құрылыс материалдары пайдаланылған нысанда жұмыс екі ауысымда жүргізілді. Сол себепті мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

Ержан Әубәкіров, ҚПО компаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері:

- ҚПО компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы инвестициясының  үлесі 400 миллион АҚШ долларынан асады. Жыл сайын компания түрлі жобаларды жүзеге асырады. Соның бірі осы көпірдің де қала инфрақұрылымын дамытуда және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасзы етуде оң өзгерістерге бастарына сенімдіміз.

Консорциум өкілдерінің айтуынша, ҚПО компаниясы кенішті игеру арқылы елге барынша пайда әкелуді көздейді. Қазірдің өзінде аймақта ондаған әлеуметтік нысан салынды. Олардың санын облыс басшылығы анықтаса, құрылыс жұмыстарын жергілікті кәсіпорындар жүзеге асырады. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы