423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарыағаш тұрғынынан 13 келіден астам есірткі тәркіленді

  • 230
  • UPD: 09:45, 04.08.2020
Сарыағаш тұрғынынан 13 келіден астам есірткі тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері күдіктіден 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде ауладан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес айғақты зат ретінде алынған есірткі заты жалпы салмағы 13,5 кг-нан асатын кептірілген көкнәр болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз қолдану» бойынша Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның аса ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы