426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі жаңа мешіттің құрылысымен танысты

  • 218
  • UPD: 10:08, 04.08.2020
Елорда әкімі жаңа мешіттің құрылысымен танысты

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Алаңдардағы құрылыс жұмыстары санитария нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы