430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин: Бірнеше аймақта ахуал әлі күрделі

  • 313
  • UPD: 11:54, 04.08.2020
А.Мамин: Бірнеше аймақта ахуал әлі күрделі

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал біртіндеп жақсарып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бірнеше аймақтағы жағдай әлі де күрделі. Олар: Қостанай және Ақмола облыстары. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты. Жиында Үкімет басшысы аталған өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларды қабылдауды тапсырды.  Ал республикалық маңызы бар үш қала мен өзге облыстардағы көрсеткіштер жақсарып келе жатыр, деді Асқар Мамин. Соған қарамастан премьер-министр жауапты мекеме басшыларына аурудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

 

Хабар 24 телеарнасы