423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанша қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

  • 260
  • UPD: 11:40, 04.08.2020
Қанша қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

4 тамыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге төлем тағайындауға 2,4 млн өтініш қабылданды.

Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы