430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына қойылды

  • 345
  • UPD: 15:27, 04.08.2020
Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына қойылды

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жерленді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровті ақтық сапарға аттандырдық. Кеңсайға қойылды. Аты ғана емес, заты да Жақсылық еді жарықтықтың. Мені еркелетіп «бала» дейтін. «Бала, қалайсың?» деп арқамнан қағатын. Қазақтың «жақсыда жаттық жоқ» деген сөзінің мәнін мен осы кісіге қарап бағамдадым. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады.

Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға», - деп жазды.

70-ке таяған шағында Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды.

Мемлекет басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы