425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жоспарлы емдеу шаралары басталады

  • 183
  • UPD: 15:33, 04.08.2020
Атырау облысында жоспарлы емдеу шаралары басталады

Атырау облыстық ауруханасы тамыз айының ортасында күрделі операция жасауды бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Емдеу мекемесінде инфекциялық орындар саны азайған. Қазір қауіпті індетке шалдыққан 137 науқас ем қабылдап жатыр. Осыған орай, таза аймақ жасақталып, жоспарлы емдеу шараларына дайындық жүргізілуде. Енді тамыздың ортасынан бастап, 200 кереуетке жоспарлы түрде емделетін науқас қабылданады.

Ербол Иманғалиев, облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Жоспарлы түрде науқастарды қабылдауға дайындалудамыз. Қазіргі таңда өзіміздің дәрігерлер жеткілікті. Жұмыстар жасалып жатыр. Күрделі жоспарлы түрдегі операцияларды тамыз айының ортасынан бастап, осы ауруханада ем жасауға жоспарлаудамыз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы