423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

  • 233
  • UPD: 16:48, 04.08.2020
Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның IAEE құрамына енуі Республиканың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

IAEE құрамына кіру туралы өтінімді Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылған «Қазақстан Республикасы сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы» берді. ІAEE талаптарына сәйкес мүшелікке енгізу жөніндегі өтініш 6 ай ішінде қаралды, содан кейін IAEE атқару комитетінің отырысында Қазақстанға ұлттық делегат мәртебесі берілді.  

IAEE мүшесі болу қазақстандық мамандарға сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа құрылыс технологияларын зертеуге және қолдануға, жас мамандарды бірлесіп оқытуға, бірлескен заттай сынаулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ұйым құрамына 59 мемлекет кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан 2025 жылы өтетін делегаттар Бас қауымдастығының 18 отырысының өтетін орнын (18WCEE) таңдау жөнінде онлайн-нұсқау алды (ұлттық делегат ретіндегі бірінші тапсырма). Дауыс беру 15 қазан мен 25 қараша аралығында онлайн режимде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы