426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 750 провизорлық орын жабылды

  • 228
  • UPD: 18:52, 04.08.2020
Павлодар облысында 750 провизорлық орын жабылды pavlodarnews.kz

Павлодар облысында жедел жәрдемге түсетін шақырулар саны 50%-ке азайды.

Бұл туралы онлайн аппараттық жиында облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлім етті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Өткен аптада Мойылдыдағы провизорлық 500 орын, Ақсудағы «Еуразия» медициналық орталығындағы 80 орын, «Баянтау» спорт сарайындағы 150 орын жабылды. Қазіргі уақытта провизорлық орындардың 26,5%-інде науқастар жатыр», - деді Айзада Құрманова.

Сонымен қатар шілде айының басында жедел жәрдемге келіп түсетін шақыру саны 1128 болса, бұл көрсеткіш 50%-ке қысқарып, өткен тәулікте 565 шақыруға азайған. Облыс аумағында карантин талаптарын 30 мониторинг тобы бақылайды. 27 шілде мен 2 тамыз арасында 30 тексеру жүргізіліп, 27 ереже бұзушылық анықталған. Аталған фактілерге қатысты 19 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанымен босаңсуға болмайтынын атап өтті.

«Күзге дайындалуымыз керек. Тәжірибеміз бар. Нақты шаралардың жоспарын құрып, күз келмей тұрып дәл қазір не істейтінімізді, медицина саласының толық дайындығы үшін қандай қосымша амал қолданатымызды бекіту қажет», - деді облыс әкімі.

Хабар 24 телеарнасы