425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жаңа оқу жылында 3000 отбасы ғаламторға қосылады

  • 191
  • UPD: 19:38, 04.08.2020
Атырауда жаңа оқу жылында 3000 отбасы ғаламторға қосылады

Атырауда жаңа оқу жылында 3000-ға жуық отбасы сапалы интернетпен қамтылады, хабарлайды «Хабар 24».

Оларға арнайы роутерлерді сатып алып беру жоспарланып жатыр. Қазір шаһардағы 61 мектепте жаңа оқу жылына дайындық қызу. Ондағы компютерлер аз қамтылған отбасыларға беріліп жатыр. Ғаламтор тартылмаған шағын аудандардың мәселесі де тақауда шешілуі тиіс.

Фаруза Шәнгереева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Оқу жылында бірде-бір оқушы мектеппен байланыссыз қалмайды. Қашықтан оқытуға олардың бәрін де қосуға мүмкіндіктердің барлығын қарастырып жатырмыз. Және олардың бәрі де оқумен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы