432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Алтай ауданында туристік нысандарға апаратын жол салынады

  • 243
  • UPD: 10:02, 05.08.2020
ШҚО: Алтай ауданында туристік нысандарға апаратын жол салынады

Шығыстағы тек  Бұқтырма су қоймасы маңындағы демалыс нысандарына  жылына аз дегенде 70 мың турист келеді. Әсіресе жаздың үш айында бос орын болмайды.

Бұл көрсеткішті одан ары арттыру үшін Алтай ауданы демалыс орындарының инфроқұрлымын жақсартуға мән берілмек. Ол үшін алдағы екі жылда   50 шақырым жолға асфальт төселеді.  Нәтижесінде аудан экономикасын осы саладан түсетін табыс арқылы да көтеруге  күш салмақ.   Өткен жылдары Алтай ауданының бюджетіне туристік нысандардан тек салықтан  70 миллионға жуық теңге түскен. Пандемияға қарамастан биыл да Бұқтырма аймағындағы   жағажайларда  ине шаншар орын жоқ.

Сергей Охременко, Алтай ауданы әкімінің орынбасары:

- Туристік саланың біз үшін болашағы ерекше. Сондықтан  аудан тарапынан Алтай ауылына жақын жағажайларды дамытуды қолға аламыз.  Келер жылы  58 шақырым жолға асфальт төсейміз. Осылайша   жағаға жақын бірнеше ауылдың жолы жөнделеді. Жолаушылар сол арқылы қалқымалы өткелге жетіп Қотанқарағай жолына түседі.

Хабар 24 телеарнасы