424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда пошта қызметкері тұрғындардың есепшотындағы ақшаны заңсыз шешіп алған

  • 344
  • UPD: 10:06, 05.08.2020
Түркістанда пошта қызметкері тұрғындардың есепшотындағы ақшаны заңсыз шешіп алған

Түркістан облысының полицейлері бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақының бір бөлігін белгісіз біреу есепшоттарыннан шешіп алған. Осылайша, алаяқ жәбірленуші екі әйелдің әрқайсысынан 300 000 теңгеден астам ақшаны заңсыз иемденген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау барысында келестік тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрынғы пошта қызметкері болып шықты.

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істеген кезінде тұрғындардың ақшасын өзі қол қойып, есепшоттарынан шешіп алғаны айқындалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Осылайша, күдікті жәбірленушілердің 1,5 миллионға жуық ақшаны есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған ақшасын иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы