421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жазасын өтеушіге сәлемдемемен есірткі заты жіберілген

  • 138
  • UPD: 11:11, 05.08.2020
Жазасын өтеушіге сәлемдемемен есірткі заты жіберілген

Алматы облысында жазасын өтеушіге келген сәлемдемеден есірткі заты анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА 155/12 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы Ж.Тішімбаевқа 4 тамызда Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны Н.Жұмабаев сәлемдеме әкелді. 

«№2136 өтінішпен рәсімделген темекі, шай, шұжық, халва, тәтті, сүт, вафли, бауырсақ, жейде, етік, май, қаламсап, дәптер, әжетханалық қағаз, газет, тәрелке секілді қажеттіліктерді қызметкерлер тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды. Полиэтиленді қалташаларға оралған үш дана жасыл, үш дана сұр түсті ұнтақты вафлидің арасына есірткі затын жасырып өткізбек болған әрекет әшкереленді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық қадам туралы бірден департамент басшылығына хабар берілді, прокуратура органына арнайы хабарлама жолданды.

Хабар 24 телеарнасы