425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақсатты кешенді бағдарлама аясындағы жол жөндеу жұмыстары 80% аяқталды

  • 196
  • UPD: 11:42, 05.08.2020
Мақсатты кешенді бағдарлама аясындағы жол жөндеу жұмыстары 80% аяқталды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 2020 жылға арналған Мақсатты кешенді бағдарлама аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Қазақавтожол» ЖШС мамандары жолдың 436 мыңнан астам шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізіп, 98 мыңнан астам шаршы метрінде жолдың кедір-бұдырлығын жойды. 11 мыңнан астам жол белгісін, 400 панноны, 80 жарықдиодты жол белгісін және көпір қоршауларының 1500 қума метрін орнатып, ауыстырды. Бұдан бөлек, 161 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделіп, жолдың 2000 шаршы метрінде шуыл жолсызығы жайластырылды, 2700-ден астам шақырымда сілтеуіштер, 25мың сигналдық бағаншалар орнатылды», - делінген хабарламада.

Кейбір заманға сай инновациялық иілгіш бағаншалар көліктердің соққыларынан кейін де қайтіп өз қалпына келе алады. Сондай-ақ республика жолдарында қоршаулардың 37 мыңнан астам қума метрі орнатылды, жолдың қозғалыс бөлігінің 23 мыңнан астамы таңбаланды.

Бұл көрсеткіштер бағдарлама аясындағы жұмыстардың 80% құрайды.

Хабар 24 телеарнасы