431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық марапатталды

  • 285
  • UPD: 11:55, 05.08.2020
Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық марапатталды

Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарған 28 жастағы Әлиакбар Юлдашев марапатталды, деп хабарлады Tengrinews.kz The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяда тұрақты тұруға құқық берілді. 

Канвонд провинциясы Янъян уезінің басшысы қазақстандық Әлиакбар Юлдашевты ерлігі үшін нагдрасымен марапаттады. Әлиакбар корейліктер арасында Әли есімімен танымал екен.

Әлиакбар бұл наградасы арқылы Оңтүстік Корея үкіметінен өтемақы алып, осы елде тұрақты тұруға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері заңсыз тұрып келген Әлиакбар наурыздың 23-і күні 10 адамды өрттен құтқарып қалды.

Сәуір айында Оңтүстік Кореядағы отандасымыз мемлекеттік марапатқа ұсынылған еді.

Хабар 24 телеарнасы