423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау – Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды

  • 304
  • UPD: 12:31, 05.08.2020
Атырау – Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды

Карантин кезінде Атырау – Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

4 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау – Орал тасжолының 9 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру барысында Түркістан облысының тұрғыны, 35 жастағы жүргізуші Атырау – Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалааралық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы