428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында аяғы ауыр әйелдің ми тамырына операция жасалды

  • 243
  • UPD: 15:51, 05.08.2020
Түркістан облысында аяғы ауыр әйелдің ми тамырына операция жасалды

Түркістан облысында ми тамыры зақымдалған жүкті әйелге операция жасалды. 36 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны облыстық клиникалық ауруханаға ишемиялық инсульт диагнозымен ауыр халде жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 10-аптасындағы келіншектің миының қан тамыры зақымданған. Өміріне қауіп төніп тұрғандықтан шұғыл түрде операция үстеліне жатқызылған. Қазір ана мен құрсақтағы баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Операцияны белгілі нейрохирург-дәрігер Әсет Қыдыров жасаған.

Айжан Сүлейменова, науқас:

 - Түсте осы ауруханаға түстім. Қол-аяғым істемей, тілім күрмеліп. Бірден операция жасады. Операция сәтті өтті. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Қазір аяқ-қолым қимылдап, жұмыс істеп жатыр. Анық сөйлей аламын.

Хабар 24 телеарнасы