430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада IQala қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға болады

  • 243
  • UPD: 16:41, 05.08.2020
Елордада IQala қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға болады

IQala қалалық қызметтер орталығы жүргізген мониторинг барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қолжетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін орталыққа келетіні анықталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін IQala қалалық қызметтер орталығының www.iqala.kz порталы жұмыс істейді. Порталдың арқасында үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қажетті коммуналдық қызметтерді алуға болады, ол үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.

Орталық қызметкерлері карантин кезіндегі қызмет көрсетулер бойынша мониторинг жүргізді. Оның барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қолжетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін келетіні анықталды.

«Қазір еліміздің Үкіметі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы қажетті шараларды қабылдауда. Елорда тұрғындарынан қажетті қызметтерді онлайн режимде алуларын сұраймыз. IQala орталығының сайтында 131 қызмет түрі (жылу, су, электр, қоқыс шығару, ЕРЦ және т.б.) ұсынылған. Мысалы, «ЕРЦ түбіртегін қайта алу» қызметі толығымен автоматтандырылған, түбіртек адамның қатысуынсыз пайдаланушының жеке кабинетіне бірден келіп түседі. Сондай-ақ электрондық шот-фактураларды esf.gov.kz және ЭЦҚ-ны egov.kz порталдарынан алуға болатындығын атап өткім келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Астана-ЕРЦ» ЖШС әріптестерімен ЕРЦ, ЭШФ қызметтерін/түбіртектерін және ЭЦҚ кілтін алу бойынша қадамдық нұсқаулықтар (скриншоттармен) әзірленді. Нұсқаулықтарды алу үшін «IQalakz_bot» Telegram-ботын пайдалануға болады», - деп атап өтті iQala қалалық қызметтер орталығының директоры Руслан Жұмаділов.

Қызметті үйден алуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда Р.Қошқарбаев даңғылы 29 мекенжайында орналасқан iQala орталығына хабарласуға болады.

«Біз өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын интернетке қосылуы мен веб-камерасы бар 6 компьютерге дейін кеңейттік, онда біздің мамандар онлайн қызмет алу бойынша кеңес береді, бірақ қажетті қызметті өз бетіңізше аласыз. Осылайша, біз компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеруге және адамдарды онлайн қызметтерді пайдалануға үйретуге тырысамыз», - деп атап өтті Руслан Жұмаділов.

Хабар 24 телеарнасы