426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уәде көп, үй жоқ...

  • 152
  • UPD: 20:54, 05.08.2020

Елордада тағы да үлескерлер бас көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс компаниясына ақшасын сеніп тапсырған жүздеген отбасы пәтеріне қол жеткізе алмай жүр. Мердігер құрылысты әбден созбалаңға салған. Шыдамы шегіне жеткен жұрт бүгін құрылыс алаңына баса-көктеп кірді.

Тұрғын үй кешені жұрттың бағы емес, сорына айналды. Елордада жүздеген отбасы өткен жылдың тамыз айында қолдарына кілтін алып, қоныс тойын тойлауы керек еді. Бірақ оның мерзімі әртүрлі себептермен ұзартылып келді. Бос уәдедеден әбден жалыққан үлескерлер бүгін құрылыс алаңына кіріп, әлі ештеңе жасалмағанына көз жеткізді.

Минаш, жергілікті тұрғын:

– Өткен жылы қалай келдік, солай тұр. Ештеңе істеліп жатқан жоқ. Өтірік есеп береді. Өткен жылы менің пәтерімде терезесінде жарық болған әлі тұр.

Жарас Шалабаев, жергілікті тұрғын:

– Міне, менікі 5-ші этаж. Балконым қалай тұр әлі солай тұр. Ешқандай өзгеріс жоқ. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр.

Расымен де, біз барғанда құрылыс алаңында қызу жұмыс жүріп жатты. Бірақ үлескерлер оны көзбояушылық дейді. Өйткені екі жылдан бері барлығын аяқтап, қолданысқа беретін мүмкіндік болған. Тіпті, құрылыс алаңына қала әкімі мен үкімет басшысы да келді. Жауаптылар уәдесін берді. Бірақ оның орындалатын түрі жоқ.

Дмитрий Генадийұлы жоба жетекішісі:

– Құрылыс жұмыстарын жүргізудің техникалық тәртібі бар. Біз соған сәйкес міндеттерімізді атқарып жатырмыз. Ал құрылыстың нақты қашан аяқталатынын білмеймін.

Жоғарыда айттық. Құрылыс жұмыстары тура бір жыл бұрын аяқталуы керек еді. Бірақ әртүрлі себептермен 3 айға, одан кейін тағы солай ұзартыла берді. Ақыры осындай жағдайға ұласып отыр. Ал жауапты компания басшылығы үлескерлермен кездесуге келмеді.

2 жылда бітпеген құрылыс 2 айда аяқталады дегенге сенбейміз, дейді жұрт. Ал қалалық ортаны бақылау мен сапа басқармасы бастығының орынбасары әкімдік тарапы коммуникациялық желілерді өткізіп қойғанын алға тартады. Бұған қоса, арнайы мемлекеттік тапсырыс арқылы бір жағынан баспанаға мұқтаждарға, басқа жағынан құрылыс компаниясына көмектесуге тырысып жатқанын сөз етті.

Авторлары: Аслан Қаженов, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы