426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында өкпесінің 90 проценті қабынған науқас сауығып шықты

  • 246
  • UPD: 19:43, 05.08.2020
Қарағанды облысында өкпесінің 90 проценті қабынған науқас сауығып шықты

Балқашта коронавирустан өкпесі 90 процентке қабынған 40 жастағы науқас бүгін сауығып, отбасына оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шілденің басында  қалалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген екен. Екі апта бойы өкпені жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алды. Кейін жағдайы түзеле бастаған. Полимеразды тізбекті реакцияға тапсырған соңғы сынамасы теріс нәтиже көрсетті. 

Айбек Ыбраев, Балқаш қаласының тұрғыны:

– Қиыншылықты көп көрдім, қасымда отырған адамдардың көз алдымда кеткенін көрдім. Басында бұл дерттің барын ойлаған жоқпын. Маскасыз жүре бердім.

Гүлдана Бегалина, провизорлық орталықтың емдеуші дәрігері:

– Ауруханаға келіп түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Өз еркімен тыныс ала алмады. Covid-19-ды емдеу протоколына сай , бірден реанимациялық іс-шаралар жүргіздік.  Ұзақ уақыт ем қабылдап бүгін емделіп шықты. Біз де қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы