428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жағажайлар ашыла бастады

  • 255
  • UPD: 20:40, 05.08.2020
Ақмола облысында жағажайлар ашыла бастады

Ақмола облысында туристік нысандардың жанындағы жағажайлар ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс орындары бұл үшін арнайы тексерістен өтеді. Ең бірінші талап, жағажайда арақашықтықты қатаң сақтау. Әр адамға берілетін аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы керек. Қазір жағажайды осындай талапқа сай жабдықтаған Бурабайда 10, Зерендіде 12 нысан жұмыс істеуге рұқсат алды. Олар бұдан кейін де бақылауда болады. Бірден ескертейік, мұндай мүмкіндік туристік база жанындағы шағын жағажайларға ғана берілді. Ал көпшілік суға түсетін орындар әлі жабық. Курортты аймақтарға жолдамасы бар демалушылар ғана кіре алады. Яғни, блокбекеттер әлі жұмыс істеп тұр.

Серік Омарханов, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

– Жағажай иелері онда келетін әрбір адамның және қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, аумақты күн сайын дезинфекциялап отыруы тиіс. Адамның қолы тиетін жерлердің барлығы залалсыздандырылуы қажет. Әсіресе, әлеуметтік арақашықтыққа өте қатты мән берілуі керек.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы