429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнестің өзекті мәселелері бойынша онлайн конференция өтті

  • 307
  • UPD: 20:40, 05.08.2020
Бизнестің өзекті мәселелері бойынша онлайн конференция өтті

Мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғалар тарапынан карантиндік режимді сақтамаған азаматтарға әрдайым шара қолданыла бермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ақ жол» демократиялық партиясы өткізген республикалық онлайн-конференция қатысушылары солай дейді. Олар Мемлекет басшысы елдегі бизнеске тыйым салуды емес, оны реттеуді тапсырғанын еске салды. Партия карантин кезеңінде бизнесті қолдау шаралары жеткіліксіз деп санайды. Шараға елдің әр түкпірінен онлайн форматқа қосылған кәсіпкерлер де бұл пікірді қуаттады. Мұндай жиынды ақжолдықтар енді апта сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы