428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 32 білім беру нысаны жөнделеді

  • 253
  • UPD: 22:43, 05.08.2020

Батыс Қазақстан облысы мектептерді жөндеуді аяқтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оралда үш білім нысаны, ал өңір бойынша бас-аяғы 32 білім ордасы жаңарады. Десе де, апатты мектептер мәселесі түбегейлі шешіле қойған жоқ. Тағы 54-і жөндеуді қажет етеді. 

Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия 26 жыл бұрын ашылған. Бүгінге дейін балабақшаның ғимаратында орналасқан. Сондықтан орын тапшылығы мәселесі болған. Енді бұл күн де артта қалды. Демеушілердің көмегімен жаңа нысан салынып, мектеп 450 орындық жаңа ғимаратқа көшеді. Құрылыс жұмыстары тамыз айының ортасында аяқталмақ. Қазіргі уақытта технологиялық жабдықтар орнатылып, жиһаз әкелінуде.

Валентина Шиманчик, мектептің қамқоршылық кеңес мүшесі:

– Немерелеріміз үшін қуаныштымыз. Міне, мектептің дайындығын көрдік. Жұмыстардың басым бөлігі аяқталып қалыпты. Мердігерлерге алғыс айтамыз.

Әлия Қайыржанова, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының директоры:

– Барлық кабинетте интерактивті тақталар және проеткорлармен жабдықталады. Себебі біздің мектеп қазіргі таңда облыстағы жалғыз толықкүнді мектеп болып есептеледі. Ата-аналардың ұсынысы бойынша үш мезгілдік тамақпен қамтылған. Барлық қосымша сабақтар, музыкалық бағыттағы, хореографиялық бағыттағы, спорт бағытындағы, сурет бағытындағы сабақтар осы мектепті ңқабырғасында қамтылған.

Бұл ғимараттың салынғанына 85 жыл толды. Үш жыл бұрын апатты деп танылды. Дегенмен, балалар білім беру үрдісі үзілген емес. Былтыр көктемде мектептің төбесі опырылып қалған. 280 орындық мектепте 400 оқушы білім алған. Ал асхана небары 16 балаға арналған.

Келер жылы мектеп жаңа 300 орындық ғимаратқа көшпек. Бүгінде екі қабаты салынып аяқталды. Тағы екі нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Ал осы жылдың соңына дейін  тағы екі мектеп бой көтермек.

Аяжан Жүнісова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

– Олар 100 орындық интернаты мен 300 орындық мектеп құрылысы Ақжайық ауданының Чапай ауданында. 600 орындық мектеп құрылысы Казталов ауданы Казталовка ауданында және Орал қаласы Зашаған кентінде. 900 орындық құрылыс. 28 білім беру нысанының күрделі жөндеуіне 8 млрд. 500 млн. ақша қарастырылды. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен төрт нысанның күрделі жөндеуіне қаражат бөлінді.

Ал карантин кезінде №21 мектептің шатыры, инженерлік желілері, жылу және кәріз желілері ауыстырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оралдық тағы үш мектеп жаңарады. Облыста 32 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 9 млрд. теңге бөлінді. Жөндеу науқаны қарқын алғанмен, білім беру ұйымдарының басым бөлігін жаңарту қажет. Тағы 54 нысанды қалыпқа келтіру қажет.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Роза Сатқанова, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы